ХАБАРЛАНДЫРУ!!! » Үлкен ауылындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Үлкен ауылындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 36-1-34
Есепші бөлімі:
+7(72770) 36-1-84
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
январь
2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!


«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Үлкен орта мектебі орта

мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарих   пәні мұғаліміне конкурс жариялайды.



Біліктілікке қойылатын талаптар:

-жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім

нe месе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат

-педагогикалық жұмыс өтілі- міндетті емес

-оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;

 -білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

 -білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

  -білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

  -білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

  -кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

- оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

Қажетті құжаттар тізбесі:

1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) білім беру ұйымының басшысы растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

3) білім туралы құжатының көшірмесі немесе транскрипт (Transcript) ЖОО педагогикалық мамандықтарының түлектері үшін;

4) жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектері  үшін ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты;

5) фотосуреті бар түйіндеме;

6) педагогтер үшін білімі және біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі;

7) электрондықформаттағы 3х4 көлеміндегі фотосурет;


Мекен-жайы: Жамбыл ауданы, Үлкен ауылы, 5 шағын аудан 32 үй

Тел: 8 (72770) 36-1-34, 87715757206

Эл.пошта: school.ylken@mail.ru